Эфиопиядағы Қазақстан Елшілігі дінаралық конференцияға қатысты

Эфиопиядағы Қазақстан Елшілігі дінаралық конференцияға қатысты

20.05.2025 08:34:18 77

Аддис-Абеба, 2025 жылғы 13-14 мамыр – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Африканың діни қауымдастықтарына арналған халықаралық конференцияға қатысты: даму саласындағы мақсаттарды ілгерілету, Африка Одағының 2063 жылға дейінгі күн тәртібі және Оңтүстік Африкадағы 2025 жылға арналған «G20» процесі.

Конференцияға Африканың әлемдік және дәстүрлі діндерінің көшбасшылары, дінаралық кеңестердің басшылары, дипломаттар, саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми және сарапшы топтардың өкілдері қатысты. Онда бейбітшілікті орнату, климаттың өзгеруі, білім беру, адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Конференцияны ұйымдастырушылары Эфиопияның дінаралық кеңесі, Біріккен діни бастама – Африка және Африка Одағының органдарымен серіктестіктегі G20 дінаралық форумы болып табылды.

Эфиопия Президенті Ж.М. мырза Тайе Атске-Селассие іс-шараны аша отырып, діни көшбасшылардың Африкадағы бейбітшілікті орнату мен прогреске жәрдемдесудегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Ол дінаралық диалог БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары мен Африка Одағының 2063 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізу үшін тек қана моральдық міндет емес, сонымен қатар практикалық күш екенін, өйткені діни ұйымдар гуманитарлық көмекке, қақтығыстарды шешуге және демократиялық қатысуға елеулі үлес қосып отырғанын баса айтты. Ол африкалықтар мен африкалық текті адамдар үшін әділдік пен өтемақы төлеуге шақырды және Эфиопиядағы ұлттық диалогқа қатысқан діни көшбасшыларға алғысын білдірді.

Африка Одағы Комиссиясының төрағасы Ж.М. мырза Махмуд Әли Юсуф өз сөзінде Африка Одағының дін бостандығы мен теңдік қағидаттарына берік екенін мәлімдеді және олардың құрлықтың тұрақты бейбітшілік пен жан-жақты дамуға бағытталған кең ауқымды күш-жігерімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Жыл сайынғы конференция дінаралық және мәдениетаралық үйлесімділік пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған және алдағы G20 дінаралық форумына зор үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/995723?lang=kk