Отбасы күні өткен семинар-тренинг: әйелдердің құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу
20.05.2025 18:51:10 187
2025 жылғы 15 мамырда Отбасы күні шенберінде, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру, құқықтық оқуды ұйымдастыру мақсатында: «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітуді және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында алдын алу жұмысы» семинар-тренингтер өткізілді.
Модераторы: облыс әкімі апппараты басшысының орынбасары М.Маденов. Спикерлер: Нина Косюк, психолог, жыныстық және репродуктивті денсаулық, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау, адам саудасына қарсы күрес жөніндегі сарапшы, Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық ассоциация өкілі, «Дамыту» қоғамдық қорының басшысы, Мақсат Шакирбаев, Қостанай облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қайрат Сюндиков Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.
Кезедесулерде манызды өзекті мәселелер көтерілді: сексуалдық психологиялық зорлық-зомбылық, ұйымдардың жұмыс орнында кемсітушілікке және жыныстық қудалауға қарсы саясатты жүзеге асыру тәжірибесі, 111 Сенім телефонының жұмысы, Қостанай қаласында әйелдерге арналған дағдарыс орталығын ашу жоспары. Семинарларға Қостанай облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың және тексеру комиссиясының қызметшілері қатысты.
Анықтама үшін: облыс әкімі аппараты мен облыс мекемелеріндегі мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 60%-ға жуығын әйелдер құрайды. Бүгінгі таңда қоғамда әйелдер құқығын қорғау мәселесі қызу талқыланып жатқанда, әсіресе атышулы «Салтанат заңының» қабылдануы аясында мұндай шаралар зорлық-зомбылықтың алдын алуда, оның алдын алуда, мемлекеттік қызметте әйелдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруда басты рөл атқарады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл М. Шакирбаев әйелдердің конституциялық құқықтары және адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының жұмысындағы басымдықтары туралы хабардар етті.
Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сюндиков азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл қажеттігін, құқықтық білім берудің және мемлекеттік органдардың жұмысына әдеп стандарттарын енгізудің маңыздылығына тоқталып, кері байланыс арналарының жұмысы туралы хабардар етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/996810?lang=kk