MONOFEST I Халықаралық моноспектаклдар театр фестивалінің ашылуы

MONOFEST I Халықаралық моноспектаклдар театр фестивалінің ашылуы

20.05.2025 19:31:55 16220

2025 жылы 13 мамырда облыстық орыс драма театрында «MONOFEST» І Халықаралық театр фестивалінің ашылуы өтті. Фестиваль 13-18 мамыр аралығында жалғасады.

Фестивальдің мақсаты –  көрермендер қауымын әлемдік театр моноөнері саласындағы үздік жетістіктермен таныстыру, Қазақстанда осы жанрды дамыту және қазақстандық театрдың халықаралық мәдени контекске неғұрлым белсенді кірігуіне ықпал ету. Театр кәсіптерінің өкілдері арасында шығармашылық байланыстар орнату және нығайту, фестивальге қатысушы театр ұжымдары арасында тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

Барлығы 8 елден 9 қатысушы қатысады: Чехия, Германия, Израиль, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Монтенегро.

Фестивальдің сарапшылар кеңесінің құрамына танымал еуропалық театрлар: Нина Мазур, Сания Кабдиева, Ментор Зимберай енген.

Фестивальдің салтанатты ашылуында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркетбайұлы Атамұратов, фестивальдің директоры Юрий Иванович Ивлев, сондай-ақ сараптамалық кеңестің төрайымы Мазур Нина Зиновьевна құттықтау сөздерін айтты.

Ашылу салтанаты «ЧЕЛОВЕЧЕСКИЙ ГОЛОС» (Ж. Кокто) атты фестивальдің алғашқы қойылымымен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/996866?lang=kk