Оларды телефоннан да басқа нәрсе қызықтырады екен…

Оларды телефоннан да басқа нәрсе қызықтырады екен…

20.05.2025 19:52:30 363

Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында облыстық V жазғы ауылдық жасөспірімдер ойындары өтуде. Оларға Қарағанды өңірінің жеті ауданынан 700-ге жуық жасөспірім қатысады. Жарыс бағдарламасына: волейбол, шағын футбол, армрестлинг, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, бес асық, дзюдо, қазақ күресі және стритбол енгізілген. Ойындардың ашылуы: 15 мамыр күні  «Сарыарқа» стадионында өтті.

- Мен бұл жарыстарға бірінші рет қатысып отырмын. Маған қатысқан ұнайды. Өте керемет! Себебі бұл спорт, бәсекелестік және қандай бір өзгешелік. - Бәрін жеңгіміз келеді-деп, бөлісті Абай ауданынан қатысып отырған оныншы сынып оқушысы-волейболшы Арина Махамбетова.

Айтпақшы, өткен жылы жастар ойындарын Абай қаласы өткізді. Сол кезде жалпы командалық есепте Шет ауданы жеңіске жетті. Екінші орынды Абай, үшінші орынды Бұқар жырау иеленді. Бірақ, ауылдық округтерден келген жасөспірімдер арасындағы бұл біріншілікке жауыр болса да   «Ең бастысы-жеңіс емес, қатысу» деген тіркес өте орынды келеді. Бұл ойындардағы ұлдар мен қыздар үшін нәтиже ғана емес, процесс өте маңызды екені анық. Шынында да, бізді олардың ауқымды спорттық іс-шараға белсенді қатысулары, телефоннан да басқа нәрсенің қызықтыратыны қуантады…

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/996904?lang=kk