Кәсіби шеберлік сайысы: Шығыс Қазақстанда үздіктер марапатталды
21.05.2025 10:51:24 528
🔷 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
🔷 Үш күнге созылған чемпионат барысында қатысушылардың жұмыстарын кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері бағалады.
🔰 Нәтижесінде 38 құзыреттілік бойынша 28 колледждің студенттері жеңімпаз атанып, ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan 2025» республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болды.
📌 Аймақтық чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:
🏆🥇1-орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командасы (9 алтын, 1 күміс, 1 қола және 2«Үздік маман» медальоны);
🏆🥈 2-орынды Риддер колледжінің командасы (3 алтын, 4 күміс, 1 қола және 4 «Үздік маман» медальоны);
🏆🥉 3-орынды Өскемен көпсалалы технология колледжінің командасы (5 алтын, 3 қола және 2 «Үздік маман» медальоны) иеленді.
🔰 Жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен колледждер
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
✅ Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауда «Казцинк» ЖШС-нің демеушілігімен сыйлықтар табысталды.
✊ «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық чемпионатының барлық жеңімпаздарына республикалық деңгейде сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңіс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997320?lang=kk