Пәкістан мен Қазақстан БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін медиаконтентпен алмасуға ниетті

Пәкістан мен Қазақстан БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін медиаконтентпен алмасуға ниетті

21.05.2025 15:21:15 484

Исламабад, 2025 жылғы 16 мамыр — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқаков пен Пәкістан Ислам Республикасының Ақпарат және телерадиохабар тарату министрінің бірінші орынбасары Амбрин Жан ханымның қатысуымен бейнеконференция форматында кездесу өтті.

Кездесуде Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин ақпарат және медиаконтент алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 29 сәуірде өткен Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы аясында ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын хабарлады.

Тараптар «Хабар» ұлттық телеарнасының Исламабадта және PTV телеарнасының Астанада тілшілік кеңсесін ашу; теледидар және медиаконтентпен өзара алмасу перспективалары; музыкалық телеарналар арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ биылғы жылы Қазақстан киносы күндерін Пәкістанда және Пәкістан киносы күндерін Қазақстанда өткізу мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Пәкістан халықтарына қазіргі жағдай мен екіжақты өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері туралы шынайы ақпарат беру мақсатында ақпарат саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/997768?lang=kk