Жол қозғалысының жас инспекторы

Жол қозғалысының жас инспекторы

28.05.2025 14:57:34 17240

2025 жылдың 5 Мамырында Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен #жол қозғалысының жас инспекторы# байқауы өткізілді! #Қауіпсіз жол# және #Жасөспірім# жедел профилактикалық іс шаралары аясында өткізілген аталған байқаудың негізгі мақсаты балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады! Бес кезеңге созылған байқауда оқушылар жол жүрісі бойынша өз білімдерін ортаға салып өнерлерін көрсетті! Байқау қорытындысы бойынша Бесқарағай ауылы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта қазақ мектебі 1-ші орынға иеленді.Бас жүлдені иемденген мектеп байқаудың шарты бойынша Бесқарағай ауданының намысын облыстық кезеңде қорғайтын болады.Осы Іс-шара әр жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998523?lang=kk