Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпарат

Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпарат

28.05.2025 17:34:36 15703

Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпарат

 

 

Президенттік Жастар кадрлық резерві – Мемлекет басшысының талантты жастар үшін әлеуметтік лифт болып табылатын жария бастамаларының бірі.

 2025 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың  1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін.

Іріктеуге: В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген жоғары білімі және жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

      1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;

      2) мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

      3) ситуациялық есептерді шешу;

      4) құзыреттілікті бағалау;

      5) резервке іріктеу жөніндегі сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;

      6) Ұлттық комиссия отырысында сараптама комиссиясы ұсынған кандидаттарды қарау.

Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) мемлекеттік тілден емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/999028?lang=kk