🔹 «Таза Қазақстан»: халық үшін өтінім берудің ыңғайлы сервисі
28.05.2025 18:15:12 15698
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамның әлеуметтік желілерді жаппай пайдалануына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап қызмет ететін TazaQazBot Телеграм-чат-ботының негізінде халықтан өтінім алудың жаңа сервисі әзірленіп, пайдалануға берілді.
Чат-бот азаматтардың назарын аударды және оның ел тұрғындары арасында танымалдылығының табысты басталғанын сеніммен айтуға болады.
✅Үрдіс барынша оңайлатылған: авторизация жүргізу, проблемалық жердің фотосуреті, мекенжайды көрсету және проблемаға түсінік беру мүмкіндігі қажет.
➡️Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/999669?lang=kk