Өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды

28.05.2025 18:56:07 17734

Бразилиа, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Пара штатының жер мәселелері жөніндегі парламентінің делегациясын қошеметтеді. Кездесу, Бразилияның астанасында болып жатқан Бразилияның муниципалитеттері мен қалаларының конгресі аясында Пара штаты Итупиранга өңірінің мэрі Вагно де Силва Годой мырзаның бастамасымен өтті.

Кездесу күн тәртібіне Қазақстанның Пара штатымен экономика, сауда, ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі салаларындағы өңірлік ынтымақтастығын кеңейту мәселелері енді. Пара штатының астанасы – Белен қаласында қарашада өтетін БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясының (СОР30) қарсаңында өңіраралық кооперацияны кеңейту мүмкіндіктері аса қызығушылық тудырды. 

Бразилияның федералды құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Қарағанды ​​облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы және Рио-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.) тәрізді Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасында серіктестік байланыстар орнатылған. Биылғы жылы Бразилияның Санта-Катарина штаты мен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда.

Анықтамалық: Пара штаты Бразилияның солтүстігінде орналасқан. Параның экономикасы ауыл және мал шаруашылығы мен тау-кен өндірісіне негізделген. Штатта жаңғақтар, кофе, маниок, жүгері, джут, күріш, темекі мен қара бұрыш өсіріледі және өндіріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1000315?lang=kk