Бразилияда муниципалитеттер мен қалалардың жыл сайынғы конгресі ашылды
28.05.2025 18:56:09 14754
2025 жылғы 20 мамыр, Бразилиа – Бразилия муниципалитеттер мен қалалар ұлттық конфедерациясының (CNM) шақыруымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва, Парламенттің Депутаттар палатасы мен Федералдық Сенатының, сондай-ақ Бразилия Министрлер кабинеті мүшелерінің қатысуымен өткен XXVI «MARCHA-2025» муниципалитеттер конгресінің ресми ашылу салтанатына қатысты.
CNM ұйымдастырған бұл шара, дәстүрлі түрде Бразилияның өңір губернаторларын, қала және муниципалитет әкімдерін, жергілікті үкіметтер хатшылары мен муниципалдық басқарушыларын қоса алғанда, шамамен мыңға жуық қатысушыны біріктіреді. Конгресс, осы жылы 19-22 мамыр аралығында өтеді және оның барысында федерализация, парламентаризм, қоғамдық қауіпсіздік, экология, денсаулық сақтау және білім беру тәрізді мәселелер талқыланбақ. Биылғы конгрестің негізгі басымдығы – климаттың өзгеруімен күрес және Бразилияның осы жылы қарашада Белем қаласында өтетін БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі COP30 халықаралық конференциясына төрағалығы аясындағы аймақтардың экологиялық мәселелерін шешу қаралады.
Анықтамалық: 1980 жылғы 8 ақпанда құрылған Бразилия муниципалитеттер мен қалалардың ұлттық конфедерациясы (CNM) тәуелсіз, партиядан тыс және коммерциялық емес ұйымы болып табылады. CNM-нің негізгі мақсаты – муниципалдық қозғалысты нығайту, муниципалитеттердің дербестігін күшейту және ұйымды әлемдік деңгейдегі муниципалдық өкілдік эталонына айналдыру.
«MARCHA» – Бразилияда жыл сайын өтетін конгресс, бұл ел Президенті, Сенат пен депутаттар палатасының төрағалары, федералдық министрлер, штат губернаторлары, қала және муниципалитет әкімдері қатысатын ең ірі саяси оқиға болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1000314?lang=kk