Исламабад қаласының билік өкілдері Астана қаласымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді
28.05.2025 18:56:33 13205
Исламабад, 2025 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Ержан Қыстафин мен Исламабад қаласының Даму басқармасының (Capital Development Authority) төрағасы Мұхаммад Али Рандхава арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында Елші 2025 жылғы 28–29 сәуірде Исламабад және Карачи қалаларында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы мен бизнес-форумының негізгі қорытындылары туралы хабардар етті. Ол сауда, стандарттау, спорт, ақпарат салаларында, сондай-ақ астаналық сауда-өнеркәсіп палаталары, жетекші университеттер мен өңірлік басқару органдары арасындағы келісімдерге тоқталып, тараптар арасындағы әртарапты ынтымақтастықты дамытуға деген өзара қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан астанасының жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибесін ескере отырып, пәкістандық тарап осы бағытта тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.
Өз кезегінде Мұхаммад Али Рандхава Астанамен сауда-экономика, инвестиция, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елордааралық ынтымақтастықты жолға қою бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1000254?lang=kk