Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы

28.05.2025 19:15:24 15989

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

 

Ұйымдастырушы:

«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ

Орналасқан жері:

Қонаев қаласы, Қонаев к-сі, 3Б, 2 қабат, 211 кабинет.

Байланыс телефоны:

8 (7277) 27-80-02, 8(778)009 88 38

Өтінімдерді қабылдау нысанасы:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына  сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу.

Өтінімдерді беру орны:

Қонаев қаласы, Қонаев к-сі, 3Б, 2 қабат, 211 кабинет.

Құжаттамаларды ұсыну мерзімі:

2025 жылдың «1» маусымнан бастап 2025 жылдың «15» маусымға дейін

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты:

2025 жылдың «1» маусымнан 09:00 ден бастап

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты:

2025 жылдың «15» маусымның 18:30 ға дейін

 

    Құжат қабылдау жұмыс күндері сағат 09:00 дан 18:30 ға дейін. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз.

    Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-kegen/press/news/details/1000741?lang=kk