Орталық Азия дипломаттарына арналған KazAID "Достық: Дипломатия" бағдарламасы басталды

Орталық Азия дипломаттарына арналған KazAID "Достық: Дипломатия" бағдарламасы басталды

29.05.2025 12:43:18 11806

Орталық Азия дипломаттарына арналған KazAID "Достық: Дипломатия" бағдарламасы басталды

 2025 жылғы 27 мамыр, Астана қ. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында "Достық: Дипломатия" бағдарламасы шеңберінде "Трансшекаралық сулар - орнықты даму драйвері" атты екі күндік семинар басталды. Семинарға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Сыртқы істер министрліктері мен бейінді ведомстволарының өкілдері қатысады. Бағдарламаның ұйымдастырушысы KazAID болып табылады.

Семинарды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Вице-ректоры Эльмира Оразалиева және KazAID Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Сыздықов ашты. Бірінші күні қатысушылар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі су ресурстарының рөлін талқылады, А. Нұрмағанбетов баяндама жасады. Lee Hag Min (онлайн) өткізген Өзбекстан мен Лаостағы KOICA жобаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу сессиясы, сондай-ақ Janusz Pawletta (онлайн) оқыған халықаралық су құқығы бойынша дәріс өтті.

Ертең-практикалық сессиялар және қорытындылау.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1005086?lang=kk