Ағадыр кентінде тұратын 76 жастағы ақсақал бес дүркін, ал ұлы жеті дүркін әлем чемпионы атанды
29.05.2025 13:04:22 440
Шет ауданының Ағадыр ауылының танымал пауэрлифтері Дәрібай Оспанов пен Қараман Абдулкәрім әлем чемпионатында тағы да жеңіске жетті. Біріншілік Норвегияда, Драммен қаласында өтті. Ең мықты атақ үшін 54 елден 1400 спортшы бақ сынасты.
Дәрібай Оспанов екі жыл бұрын әлем чемпионатында бірнеше рет жеңіске жету мақсатын мәлімдеген болатын. Сол кезде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ақсақал-чемпионға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті. Дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшы мен жаттықтырушыға спорт құралдарына сертификат табыс етті.
Драммендегі әлем чемпионатында Дәрібай Оспанов 70+ жас тобында 93 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Штанганы классикалық қысыммен көтеруде ол үшінші, жарақтандырылған түрде – бірінші орын алды. Осы жеңіспен 76 жастағы ақсақал бес дүркін әлем чемпионы атанды.
Оның ұлы Қараман Абдулкәрім бірінші түрде 190 кг, екінші түр бойынша 245 кг көтерді. Екі жаттығуда да ол үздік атанды және жеті дүркін әлем чемпионы атанды.
Дәрібай Оспанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол осы жетістікпен тоқтамайтынын айтады. Осыдан бір жыл бұрын АҚШ-тың Остин қаласында өткен әлем біріншілігіндегі жеңісінен кейін ақсақал даниялық рекордты озғысы келетінін айтқан болатын. «Ол 94 жаста өнер көрсетті, ал мен 95 жаста да жарысқа барамын», – деп өз ойымен бөлісті дене шынықтыру және спорт басқармасындағы салтанатты шарада Дәрібай Оспанов.
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1005439?lang=kk