Қазақстан СІМ-де Қатар Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де Қатар Елшісімен кездесу өтті

29.05.2025 13:36:29 429

Астана, 2025 жылғы 27 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасындағы Қатар Мемлекетінің Елшісі Абдулла Хусейн Мухаммад Джабермен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Қатар қарым-қатынастарының оң динамикасын, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің дамуын атап өтті. Тараптар сондай-ақ БҰҰ аясындағы әлеуметтік даму мәселелеріне баса назар аударып өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1005719?lang=kk