Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны басталды: шамамен 750 мың гектар жерге тұқым себілді.

Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны басталды: шамамен 750 мың гектар жерге тұқым себілді.

29.05.2025 17:01:39 275

Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны басталды: шамамен 750 мың гектар жерге тұқым себілді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқап көлемі 52 мың гектарға артып, 5,5 миллион гектарды құрайтын болады. Бұл өңірдегі аграрлық саланың тұрақты дамуын көрсетеді.
Майлы дақылдар алқабы айтарлықтай кеңейіп, 430 мың гектарға жетті. Қазіргі уақытта 750 мың гектардан астам алқапқа жаздық егіс жүргізілді. Егіс науқанына 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.
Жарқайың ауданының диқаншылары 663,5 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр, қазіргі таңда 123 мың гектарға тұқым себілді. Бұл аудан облыстағы егістік көлемі бойынша ең ірі өңір саналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007352?lang=kk