Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

29.05.2025 18:11:35 15774

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Бесқарағай ауданының прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Бесқарағай ауылындағы аудандық мәдениет үйінде жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Бесқарағай ауданының прокуратурасы, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық білім бөлімі және білім беру ұйымдарының өкілдері – мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар мен оқушылар қатысты.

Кездесу барысында төмендегі өзекті тақырыптар талқыланды:
Жазғы кезеңде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары (Тлепбергенов Ғ.Б.);
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары (Дайырбеков Е.Е.);
Суға шомылу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау (Қабиденов А.С.).

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың зияны және жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектеп оқушылары нашақорлыққа қарсы тәрбиелік бағыттағы көрініс қойып, қатысушыларға терең ой саларлық әсер қалдырды.

Іс-шараның басты мақсаты — жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1007497?lang=kk