Бостандық ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өткізілді
29.05.2025 18:22:05 12093
«Заң мен тәртіп» концепциясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны нығайту мақсатында Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің алаңында жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері, адалдық пен парасаттылық принциптері, олар әрбір қызметкердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі ретінде талқыланды.
Заңнамалардағы өзгерістер мен жауапкершіліктің күшейтілгені туралы ақпарат жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының мысалдары мен статистикасы келтірілді.
Өз кезегінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау ниеттерін растады.
#ЗАҢ менТӘРТІП
#заң мен тәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1007540?lang=kk