ХХІІI «Жетісу жұлдыздары - 2025» облыстық балалар шығармашылығы байқауының қорытындысы
02.06.2025 11:43:02 19562
2025 жылдың 13-20 мамыр күндері аралығында облысымыздың 8 аудан, 2 қала бойынша облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІІI «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ-2025» облыстық балалар шығармашылығы байқауының аймақтық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Ал, 1 маусым күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында байқаудың Гала-концерті және марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты: балалар шығармашылығын дамыту, үлкен сахнаға жол ашу, музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, жас таланттарға қолдау көрсету.
Іріктеу кезеңіне облыстың барлық аудан мен қалаларынан 1172-ге жуық үміткерлер қатысты.
Байқау 4 номинация бойынша өткізілді:
- Эстрадалық ән;
- Дәстүрлі ән;
- Хореография;
- Жеке аспапта ойнау;
Байқауға қатысатын үмiткерлер 3 топ бойынша сайысқа түсті, яғни:
Кіші топ 5-8 жас аралығы;
Орта топ 9-11 жас аралығы;
Үлкен топ 12-15 жас аралығы бойынша.
Байқауға қазылық жасаған өнер қайраткерлері:
- Нұрмыхаметов Асқар Қалиұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі.
- Қалқабаева Гүлмира Мәліққызы - Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет өнерді дамыту және мониторинг бөлімнің басшысы.
- Суюндыков Нурбол Абдыкаппарович - Д.Рақышев атындағы облыстық филармониясының Жетісу би ансамбілінің педагог репетиторы, Қ. Байсейтов атындағы саз колледжінің хореография бөлімінің ұстазы.
- Орынбасар Таңжарық Бинисламұлы – Республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, Үздік аспапшы, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің аспапшы әртісі.
- Айдарәли Жанатбек – ақын, дәстүрлі әнші, Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының бас маманы.
Байқау қорытындысы әр номинация және топ бойынша жүлдегерлер дипломдар мен сертификаттар және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1009301?lang=kk