Қызылордада Конституцияның 30 жылдығына арналған көшпелі сараптамалық кездесу өтті

Қызылордада Конституцияның 30 жылдығына арналған көшпелі сараптамалық кездесу өтті

02.06.2025 13:51:31 19825

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz 

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде көшпелі сараптамалық кездесу өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Айгүл Қыдырбаева, Бас прокуратураның, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Конституциялық Соттың судьясы Айгүл Қыдырбаева 2022 жылғы конституциялық реформаның негізгі ережелері туралы жан-жақты айтып берді. Бұл реформа нәтижесінде Конституциялық Сот жаңартылған форматта қайта құрылды. Кездесуде органның жаңа өкілеттіктеріне, азаматтардың конституциялық бақылауға қол жеткізу мәселелеріне және Конституциялық Сот шешімдерінің орындалу маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Диалог барысында қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда конституционализм қағидаттарын ілгерілету бойынша ағартушылық қызмет мәселелерін талқылап, пікір алмасты.

Айгүл Қыдырбаева Конституциялық Соттың ашықтық пен айқындық принциптеріне негізделген жұмысына тоқталып, азаматтық қоғаммен және ғылыми қауымдастықпен одан әрі диалог жүргізуге дайын екенін білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1009545?lang=kk