Ағымдағы жылдың 30 мамырында облыстық «Жастар» мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
02.06.2025 18:35:00 715
Ағымдағы жылдың 30 мамырында облыстық «Жастар» мәдениет үйінде
«Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
Шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Акция аясында аудан тұрғындары түрлі құқық салаларындағы мәселелер бойынша білікті кеңестер ала алды.
Іс-шараға адвокат Ж.С., нотариус Искакова А.Т., жеке сот орындаушысы Нұржанов Ж.К., нотариустар Искакова А.Т., Москалюк М.М., жеке сот орындаушысы Ж.К.Нұржанов, заң кеңесшісі Моисеенко В.А., сонымен қатар ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Акцияға қатысушылар азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да заңнама мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті. Мұндай іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға және жалпы халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1010047?lang=kk