Ақмола, Түркістан облыстарының және Тәжікстан Республикасының қатысуымен халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Ақмола, Түркістан облыстарының және Тәжікстан Республикасының қатысуымен халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

02.06.2025 19:01:08 715

Өңіріміздің қонақтары мен облыс орталығының тұрғындарының құрметіне Ақмола облысының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Концерттік бағдарламаның шымылдығын 50 жылдық тарихы бар халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Көкшетау» халықтық би ансамблінің орындауында «Мереке» биімен ашылды. Жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина.

 Түркістан облысы мен Тәжікстан Республикасынан келген жәрмеңкеге қатысушыларға арқаның дәстүрлі әнімен құлақ құрышын қандыра орындаған халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Зәмзәгүл Смағұл.

Тәжікстан Республикасының өкілдерінің құрметіне Тәжік әні «Kabutar» Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисті, республикалық байқаулардың лауреаты Арай Букаева тамылжыта шырқады.

Сондай-ақ концерттік бағдарламаның сәнін кіргізген Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Гәкку» би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева.

Көкше төрінде Түркістан облысының кернейшілері, «Достық», «Гунча» ансамбльдері, «Мәдениет саласының үздігі» Абылай Бәжібай, республикалық байқаулардың лауреаты Дәулет Тұрсынбаев өнерімен шашу шашты.

Сонымен қатар, Целиноград, Қорғалжын, Аршалы, Біржан сал және Ақкөл аудандарының шығармашылық ұжымдары жәрмеңкеге қатысушыларға және тұтынушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1010095?lang=kk