Қазақстан мен Халықаралық есеп айырысу банкі цифрлық активтер мен қаржылық инновациялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады
03.06.2025 08:01:19 20858
Базель, 2025 жылғы 2 маусым - Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Халықаралық есеп айырысу банкінің Басқарушы директорының орынбасары Андреа М. Мехлер ханыммен кездесті.
Кездесу барысында Қайрат Төребаев Қазақстанның қаржылық тұрақтылықты нығайту және заманауи банк технологияларын дамыту саласында Банкпен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Ерекше назар цифрлық активтерді реттеу және орталық банктің қадағалау жүйесі салаларындағы тәжірибе алмасуға аударылды.
Тараптар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Астана халықаралық форумында жариялаған Қазақстанның CryptoCity пилоттық аймағын құру жөніндегі бастамасын талқылады. Бұл жоба өңірдегі тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін криптовалютаны пайдалануға арналған алғашқы реттелетін алаң болмақ.
Андреа Мехлер ханым Қазақстанның цифрлық активтерді реттеу тәжірибесіне қызығушылық танытып, осы салада сараптамалық ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар қаржылық тұрақтылық, цифрлық инновациялар және банк секторындағы халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1010169?lang=kk