Ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті ашылды
03.06.2025 08:51:04 22341
Бүгін Самар ауданында ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті ашылды.
Салтанатты шараға ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышёва, Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов, ата-аналар мен балалар қатысты.
ШҚО Білім басқармасының басшысы Инессе Чернышёва мен ата-аналар қауымының өкілі салтанатты лентаны кесіп, қонақтар кабинет жұмысымен танысты.
Жаңа мекеме дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерді қолдауды мақсат етеді. Кабинет 0-18 жас аралығындағы балаларды оңалту, әлеуметтік бейімдеу және ата-аналарға кеңес беру қызметін көрсетеді. Мұнда дефектолог, логопед және психолог мамандарының кабинеті, монтессори, сенорлық бөлме, ЛФК және ритмика залдары, СБО және басқа да кабинеттер жабдықталған.
Ғимаратта пандустар, тактильді белгілер, кең есіктер, санитарлық бөлмелерде арнайы тұтқалар бар.
Ашылу салтанатының соңында келген меймандар естелік суретке түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1010210?lang=kk