Ақпараттық-түсіндіру кездесуі
03.06.2025 14:11:34 759
2025 жылдың 2 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Олжас Сулейменов Әділет департаментінің жас қызметкерлеріне Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. 1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады және келесі 6 бағытты қамтиды: әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды дамыту; өнеркәсіп және сауда саясаты; экономикалық және қаржы саясаты; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар. Үміткер тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы керек. Резервке кіруге үміткерлер бірқатар талаптарға сай болуы керек, соның ішінде: - жасы 35 жастан аспайды, - Қазақстан Республикасының азаматтығы, - жоғары білімнің болуы, - белгілі бір жұмыс тәжірибесі, - мемлекеттік тілді білу В1 деңгейінен төмен емес. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болу үшін 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өту қажет. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында арнайы сайтта pkrezerv.gov.kz онлайн-режимде жүзеге асырылады.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1010651?lang=kk