Ат айналып қазығын табар... Жабайы жылқылардың ежелгі мекеніне оралуы туралы

Ат айналып қазығын табар... Жабайы жылқылардың ежелгі мекеніне оралуы туралы

04.06.2025 08:01:32 836

2025 ж. 3 маусым - Будапешт қ. Керқұландардың (Equus przewalskii Poljakov) ежелгі мекені Қазақстанға оралуын - халқымыздың өзінің тарихы танымы, эпос және аңыздарындағы сақталған болмысымен жүздесуі, ал табиғат ананың өз перзенттеріне қауышу десе болады.

 Жылқы – көшпенді дала салтын ұстанған халық үшін қасиетті жануар. Алғаш болып жылқыны қолға үйреткен қазақтың арғы тегі. Сондықтан, қазақ үшін төрт түлік ішінде жылқының алар орны ерекше. 

 Керқұландар, кеше Мажарстанның Хортобадь табиғи қорығынын ежелгі заманда аумағында еркін жайылған қазақ даласына Чехия әуе әскери күштерінің ұшағымен жол тартты. Дебрецен қ. халықаралық әуежайында керқұландарды шығарып салу салтанатына, кәсіби мамандардан басқа, жылқы десе жанын беретін Мажар қыпшақтар одағының төрағасы, парламент депутаты Шандор Ф. Ковачта қатысты.

Бауырлас мажар даласынан әзірше 4 бас керқұлан бие ұшаққа тиеліп, Қостанай облысы Алтын дала мемлекеттік табиғи резерватына жөнелтілді.

2024 жылы Прага зообағы 7 жылқы жіберген болатын. Барлығы 2029 жылға дейін 40-45 жылқыны алдыру жоспарланған.

Қазақстандағы жабайы жылқыларды қалпына келтіру жобасы 2024 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага зообағы, Қазақстан биоалуандылықты қорғау қауымдастығы, Франкфурт зоологиялық қоғамы, Нюрнберг зообағы, Берлин зообағы және Берлин хайуанаттар паркі, Мажарстан Хортобадь ұлттық паркінің әріптестігімен басталған болатын. Жалпы осы жабайы жылқылардың ең көп популяциясы (265 бас) Мажарстанда тіркелген.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1011112?lang=kk