Жұмыс отырысы
04.06.2025 09:21:00 18890
2025 жылдың 3 маусымында Қостанай облысының прокуратурасында алқа отырысы өтті. Отырысқа Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, басшының орынбасары Темирбек Нажиканов, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Қайрат Баймуханов, сондай-ақ құқық қорғау және қадағалау органдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Әділет органдары мен жеке сот орындаушыларының өзара іс-қимыл тиімділігі, соның ішінде сот актілерін орындау кезіндегі олардың әрекеттерінің заңдылығы мен мерзімділігі мәселелері талқыланды. Мемлекет пайдасына өндірумен байланысты және әлеуметтік маңызы бар атқарушылық іс жүргізулерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, өңірдегі жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды күшейту шаралары қарастырылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1011166?lang=kk