Дәріхана желілерінің өкілдері мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы уәкілетті органдар арасында кездесу өтті

Дәріхана желілерінің өкілдері мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы уәкілетті органдар арасында кездесу өтті

08.06.2025 17:34:29 253

Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен дәріхана желілерінің өкілдері мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы уәкілетті органдар арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында дәріханалардағы дәрілік заттар туралы ақпараттың, жарнамалық және анықтамалық материалдардың мемлекеттік тілде ұсынылу сапасы мен қолжетімділігі талқыланды. Сондай-ақ тұтынушыларға қазақ тілінде сапалы қызмет көрсету мәселесі көтерілді.

Шараға Қостанай облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.

Тараптар мемлекеттік тілді дамыту – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, бұл бағыттағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті. Кездесу соңында қатысушылар дәріхана қызметінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1012294?lang=kk