Семинар өткізілді
08.06.2025 18:06:56 330
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 24 маусымында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Жзаира Абитаева «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қостанай облысы филиалының Тобыл қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын қызметкерлерге арналған семинар өткізді.
Семинар барысында практикалық және әдістемелік көмек көрсетіліп, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ тіркеу кезінде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1022998?lang=kk