Эстония Қазақстанмен логистикалық байланыстарды нығайтуды қолдайды

Эстония Қазақстанмен логистикалық байланыстарды нығайтуды қолдайды

12.06.2025 11:11:22 20526

Таллинн, 2025 жылғы 11 маусым Қазақстан Республикасының Эстониядағы елшісі А. Көлгінов Эстония инфрақұрылым министрі К. Лейспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ эстондық порт пен теміржол инфрақұрылымдарын пайдалану перспективаларын талқылады.

Әңгімелесу барысында қазақстандық жүктерді жеткізу үшін, әсіресе Транскаспий халықаралық бағытын дамыту шеңберінде Эстония көлік тораптарының маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ өңірлік бастамаларды іске асыруда тәжірибе алмасуға, екі ел өкілдері арасындағы бизнес-байланыстарды күшейтуге назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық өзара іс-қимылды белсенді дамыту, кәсіпкерлік қызметті қолдау және қолайлы инвестициялық климат құру қажеттілігі туралы бірыңғай ұстанымдарын білдірді. Өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін бұдан әрі болатын қадамдар белгіленді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1015971?lang=kk