«Отбасы банк» АҚ-қа лицензия берілді
12.06.2025 19:21:20 748
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 11 маусымдағы № Б-160 бұйрығына сәйкес «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына қосымша: тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша білім беру жинақтау салымынан немесе сақтандыру төлемдерінен жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу және жүргізу операциялары қосыла отырып, лицензия берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1016554?lang=kk