Бизнес өкілдерімен диалог: Қазақстан Елшілігі Мажарстан компанияларымен ынтымақтастықты талқылады
15.06.2025 12:35:52 154
Будапешт, 2025 жылғы 11 маусым — Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде Елші Абзал Сапарбекұлы мен мажар іскер топтарының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар QazTrade және HEPA (Мажар экспортты дамыту агенттігі) сияқты ұйымдармен бірлескен бизнес іс-шараларды Қазақстан мен Мажарстанда өткізу мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе, қазақстандық тауарларды Еуропалық Одақ нарығына шығару, дистрибуция арналарының кеңеюі және мажар импорттаушыларымен тұрақты серіктестік байланыстарды орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Елші Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен, қайта өңдеу, фармацевтика, жасыл энергетика және инновациялық технологиялар сияқты негізгі салаларға мажар инвестицияларын тартуға мүдделі екенін атап өтті. Мажар бизнес өкілдері Қазақстанның инвестициялық климатын зерттеуге қызығушылық білдіріп, диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Тараптар тақырыптық іскерлік форумдар, B2B кездесулер мен екіжақты таныстырылымдарды қамтитын ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1017589?lang=kk