Қазақстан мен Таиланд туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
16.06.2025 10:21:28 682
Бангкок, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Таиланд туристік агенттігі (ТАТ) басшысының орынбасары Чиравади Кхунсубпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, екі елдің туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы өзара іс-қимылын кеңейту перспективаларына қатысты пікір алмасты.
Елші Исетов Таиланд халқының саяхаттың жаңа бағыттарына қызығушылығының артуын және Қазақстанның Орталық Азияға «қақпа» ретіндегі стратегиялық жағдайын ескере отырып, екі елдің нарықтарында туристік өнімдерді өзара ілгерілету үшін «Қазақтуризм» және ТАТ бейінді туристік ведомстволарының бірлескен күш-жігерін жандандыру қажеттігін атап өтті. Бұған, соның ішінде Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей авиарейстер санын ұлғайту ықпал етуі мүмкін.
Өз кезегінде, Чиравади Кхунсуб Таиландтағы қазақстандық туристерді Корольдіктегі демалыс өткізу орындары туралы көбірек хабардар ету есебінен ұлғайтуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ Таиландтың жаңа туристік өнімдерімен және бағыттарымен танысу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының басында Агенттігінің өкілді делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1017773?lang=kk