Қымызмұрындық
25.06.2025 13:57:00 4983
2025 жылғы 18 маусым күні Арбатта Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қымызмұрындық» іс-шарасы өтті.
Жадырап жаз келгенде бие байлап, саба-саба қымыз жинап, ел жұрт бір-біріне амандық тілеп, көрші-қолаң, ағайын жұртты қымызмұрындық мерекесіне шақырады. Алғашқы қымыздан дәм татқызу мақсатында ұйымдастырылатын бұл тойды қымызмұрындық деп атайды. Аталған дәстүр – халқымыздың қонақжайлылығын, жомарттығын, мәрттігі мен береке-бірлігін білдіреді.
Іс-шараның мақсаты – қымыздың дайындалу тәсілімен таныстыру, ұлы даланың қастерлі сусынына қатысты салт-дәстүрлерді насихаттау.
Іс-шара барысында облыстық филармонияның әншілері, «Нұр-Алтай» би ұжымы, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының «Ақниет», «Атамұра» ансамбльдері, музей-қорықтың «Белес» этно-фольклорлық ансамблі және әнші Аслан Шыңғысбекұлы өнер көрсетті. Шара аясында викториналар мен ұлттық ойындар, қолөнершілердің және ұлттық тағамдардың көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1019876?lang=kk