Қарағанды облысында үш шағын өнеркәсіптік аймақ және моноқалаларға инвестицияларды ынталандыру үшін 22 жоба іске асырылуда
25.06.2025 13:57:26 286
Биыл Қарағанды облысында үш шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысын аяқтау жоспарланған. Олар аймақтың ірі кәсіпорындарының айналасында орналасады. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте бұл аймақтар шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ өңірге инвестициялар тартуға арналғанын хабарлады.
Сонымен қатар инвесторларды тарту және моноқалаларды дамытуды қолдау үшін жалпы құны 218 млрд теңге болатын 22 жоба анықталды. Бұл жобаларды іске асыру жер учаскелерін беруді, инфрақұрылымды дамытуды және 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.
«Теміртауда өнеркәсіп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады, онда "Қармет Сервис" базасында ауданы 20 мың м2 өнеркәсіптік аймақ құру жоспарлануда. Бұл бастама өндірістік қуатты кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған», — деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1019799?lang=kk