Қазақстандық тұрмыстық техника өндірушісі Samsung өнімдерін шығаруды бастайды
25.06.2025 14:04:40 198
Отандық тұрмыстық техника өндірушісі «Silk Road Electronics» ЖШС Samsung компаниясымен келісімге қол қойды және биылғы тамыз айынан бастап белгілі әлемдік брендтің теледидарлары мен кір жуатын машиналарын шығаруды бастайды. Кәсіпорын екінші жыл жұмыс істеуде, қазіргі уақытта 270 мыңнан астам техника өндірілді: теледидарлар, шағын пештер, кір жуатын машиналар, шаңсорғыштар, ас үй сорғыштары және басқа да өнімдер қазақстандық нарықта және ТМД елдерінде жоғары сұранысқа ие.
- Samsung компаниясымен ынтымақтастық – біз үшін дамудың үлкен кезеңі. Өткен жылы біз үлкен тораптан кіші торапқа көштік. Толық циклді өндірісіміз, локализацияның жоғары деңгейіне өту. 2026 жылы штамптау цехын іске қосамыз. Келесі жылдың ортасынан бастап барлық технология іске қосылады және локализация одан да жоғары болады. Бүгінгі таңда 300-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды, 2028 жылға қарай қызметкерлер санын 1100-ге дейін арттыруды көздеп отырмыз. Шетелдік нарықтарға шығу және өнім желісін ұлғайту жоспарымызда бар, — деп атап өтті «Silk Road Electronics» ЖШС директоры Александр Критский.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1020040?lang=kk