ШҚО-да туризм және денсаулық сақтау мәселелері қаралды
25.06.2025 15:56:46 3784
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен көшпелі отырыс өтті.
Аталған отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков қатысты.
Жиында туристік маусымның өту барысы, Риддер қаласының туристік әлеуеті, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржыландыру мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті проблемалар талқыланды.
«Біздің елімізде туристік маусым дәстүрлі түрде жаз айларына сәйкес келеді. Қазір, яғни туристер ағынының күшейген кезеңінде, көлік және коммуналдық инфрақұрылымнан бастап, құқық қорғау органдары мен санитарлық бақылауға дейінгі барлық тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды. Басты басымдықтар – жоғары деңгейдегі сервис, қауіпсіздік, санитарлық ахуал және туристік саладағы кәсіпкерлік қызметтің ашықтығы», – деді Ермек Қошербаев.
Атап айтсақ, туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сыртқы талдау жүргізілген. Талдау барысында туристік нысандарды салуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау кезінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануы, туроператорлық қызметті лицензиялау саласындағы мәселелер, сондай-ақ туристік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік сатып алуларда туындаған тәуекелдер анықталды. Сонымен қатар, туристік нысандарға кіруге заңсыз шектеулер қойылып, демалушылардан заңсыз ақша жинау фактілері де тіркелген.
Қазіргі таңда оларды жою бойынша өкілетті органдармен жұмыс жүргізілуде.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1021591?lang=kk