Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Донор күніне арналған акцияға қатысты
25.06.2025 16:10:20 2838
Дүниежүзілік донор күніне орай Маңғыстау облысындағы №43 мекемесі - қоныс-колониясы мен №77 мекемесі - тергеу изоляторының қызметкерлері қан тапсырды. Іс-шара қайырымдылық акциясы аясында өтті. Оның мақсаты – донорлықтың маңыздылығына назар аударту, әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қан құюға мұқтаж жандарға көмек көрсету.
Облыстық қан орталығының мамандары ҚАЖ қызметкерлеріне игі істері үшін алғыстарын білдірді. Олар бір реттік қан тапсыру үш адамның өмірін құтқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Акцияға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті:
– Біз бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қарадық. Донор болу – жай ғана шара емес, бұл біреуге өмір сыйлау мүмкіндігі. Бұл – азаматтық ұстаным мен бірліктің көрінісі, – деді қызметкерлер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021703?lang=kk