Құрметті теміржол саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Теміржолшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті теміржол саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Теміржолшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

08.08.2026 16:21:16 161

Теміржол көлігі – ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, өңірлер арасындағы сенімді байланысты нығайтатын стратегиялық маңызды сала. Оның қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуі – өз ісіне адал, кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол теміржолшылардың күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Бұл мерекенің біздің аудан үшін маңызы ерекше. Тобылдың тарихы теміржолмен тығыз байланысты. Теміржол елді мекеннің қалыптасуы мен дамуының берік негізіне айналды. Бүгінде де кент тұрғындарының басым бөлігі теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің көлік жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.
Теміржолшылар әулеті – біздің ерекше мақтанышымыз. Көптеген отбасыларда теміржолшы мамандығы бірнеше ұрпақтан жалғасып, олардың адал еңбегі мен таңдаған кәсібіне деген беріктігі жас ұрпаққа өнеге болып келеді.
Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан жылы теміржолшылардың оның дамуына қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында ондаған жылдар бойы аудан экономикасы нығайып, инфрақұрылымы дамып, тұрғындардың әл-ауқаты арта түсті.
Теміржол саласының берік негізін қалап, лайықты ізбасар тәрбиелеген сала ардагерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.
Қадірлі жерлестер! Осынау айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, мол ырыс, бейбіт өмір және отбасыларыңызға амандық пен жылулық тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет етіп, лайықты бағалансын, ал алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толайым табыстарға жете беріңіздер!

Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1271020?lang=ru