Абайлаңыз, алаяқтар!

Абайлаңыз, алаяқтар!

25.06.2025 17:29:42 1155

Назар аударыңыз: жалған хабарламалар

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: соңғы уақытта МКК атынан алаяқтық хабарламаларды тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Осыған байланысты қырағылық танытуды, күдікті сілтемелерге сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, тексерілмеген деректемелерге ақша аудармауды, алынған ақпараттың дұрыстығын тексеруді ұсынамыз.

Маңызды!

Мемлекеттік кірістер органдары Басшылық атынан салық төлеушілерге электрондық пошта, WhatsApp немесе Telegram арқылы хабарламаларды жаппай таратуды жүзеге асырмайды.

Өзіңізді және деректеріңізді қорғаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1022406?lang=kk