Камералдық бақылау
25.06.2025 19:09:07 264
Салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады.
Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Салық органдарында тіркеу есебіне қою және Салық кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1023669?lang=kk