Денсаулық сақтау басқармасы бірқатар фармацевтикалық компанияларға алғыс хаттар табыс етті

Денсаулық сақтау басқармасы бірқатар фармацевтикалық компанияларға алғыс хаттар табыс етті

25.06.2025 19:09:13 341

Бүгін Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы халық денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар отандық фармацевтикалық компанияларға алғыс білдірді.

Басқарма басшысы Сүлейменов Ержан Әбілхасимұлы келесі компанияларға Алғыс хаттар табыстады:

“Дольче фарм” ЖШС
“Аксел и К” ЖШС
“Келун” ЖШС
“Медсервис Плюс” ЖШС
“Глобал Фарм” ЖШС
“Нобель” ЖШС.

«Отандық дәрі-дәрмек өндірушілерінің еңбегі ерекше құрметке лайық. Сапалы медициналық өнімдер арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қосып отырған үлестеріңіз зор», – деп атап өтті Ержан Абилхасимұлы.

Сондай-ақ басқарма басшысы фармацевтикалық компаниялармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін білдіріп, болашақта да осындай серіктестіктің жалғасын табатынына сенім артты. Компания өкілдері өз тараптарынан ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1023652?lang=kk