23–24 маусым күндері Орал қаласында өткен екі күндік тәжірибелік семинарға Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары қатысты

23–24 маусым күндері Орал қаласында өткен екі күндік тәжірибелік семинарға Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары қатысты

25.06.2025 19:28:50 374

23–24 маусым күндері Орал қаласында өткен екі күндік тәжірибелік семинарға Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары қатысып, аса маңызды білім мен дағдыларды тереңдетуге мүмкіндік алды. 

Семинарды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры, Парламентаризм институты ұйымдастырды.

Теориялық мәліметтермен қатар, депутаттар практикалық бөлімдер мен нақты жағдайларға негізделген тапсырмалар арқылы күнделікті жұмыс тәсілдеріне сыни көзқараспен қарап, жақсарту жолдарын анықтады.

Пайдалы ақпараттармен бөліскен тәжірибелі лекторлар З.Батталоваға, Л.Сүлейменге және осындай ауқымды іс-шараны өткізген ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.

Әрбір жаңа білім – болашақтағы дұрыс қадамдардың іргетасы. Бұл жолғы семинар да сондай іргетастың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1024146?lang=kk