Дипломатия және спорт — бір толқында!
27.06.2025 17:42:07 385
Дипломатия және спорт — бір толқында!
KazAID Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күніне арналған дәстүрлі футбол турниріне қатысты. Турнир 22 маусымда Астанада өтіп, Сыртқы істер министрлігі мен түрлі мемлекеттік құрылымдардың командаларын біріктірді.
KazAID атынан Тулькибаев Тлек пен Сұлтан Керімсал қатысып, команданың намысын қорғады және KazAID турнирде құрметті 4-орын иеленуіне өз үлестерін қосты.
Бұл турнир тек футбол туралы ғана емес. Бұл — ұйымшылдық, сенім және өзара қолдау туралы. Дәл осы қағидаттар дипломаттардың жұмысында да маңызды орын алады.
ҚР СІМ-ге керемет ұйымдастыру үшін, жылы атмосфера мен осы шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1025897?lang=kk