SHYMKENT CREATIVE HUB: ТУРИСТІК КОНТЕНТ ЖАСАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАСТЕР-КЛАСС

SHYMKENT CREATIVE HUB: ТУРИСТІК КОНТЕНТ ЖАСАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАСТЕР-КЛАСС

30.06.2025 11:10:34 66

Шымкент қаласының туристік тартымдылығын арттыру және контент-мейкерлерді қолдау мақсатында 2025 жылғы 9-11 маусым аралығында «Shymkent Creative Hub» ғимаратында арнайы мастер-класс ұйымдастырылуда.

Іс-шараның алғашқы күнінде 30-дан астам қатысушы видеограф және тревел блогер Әділет Рахметолланың шеберлік сағатына қатысып, кәсіби контент жасаудың заманауи әдістерін үйренді.

Үш күнге созылатын бағдарлама барысында:
🔹 Қатысушылар туризм саласына бағытталған контент жасаудың заманауи тәсілдерін меңгереді;
🔹 Практикалық сабақтарда туристік объектілерді түсіріп, контентті монтаждау дағдыларын шыңдайды;
🔹 Арнайы конкурсқа қатысып, үздік жұмыстар марапатталады.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды кәсіби контент жасау құралдарымен қамтамасыз ете отырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және Шымкенттің туристік келбетін жарқын етіп көрсету.

🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1026539?lang=kk