Қазақстанның делегациясы ЕКПА депутаттарына Қазақстандағы саяси реформаларды таныстырды

Қазақстанның делегациясы ЕКПА депутаттарына Қазақстандағы саяси реформаларды таныстырды

30.06.2025 13:01:20 253

Страсбург, 2025 жылғы 26 маусым – Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жазғы сессиясы аясында ҚР делегациясы Мәдениет және ақпарат Вице-Министрі Е.Кочетовтың басшылығымен ЕКПА-ның Саяси мәселелер және демократия жөніндегі Комитетінің отырысына қатысты. Делегация құрамына сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасының өкілдері кірді.

Еуропалық парламент мүшелерінің назарына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалардың барысы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Комитет отырысында Қазақстан бойынша баяндамашы Ж.Немет сөз сөйледі. Ол 2-6 мамыр аралығында Қазақстанға жасаған іссапарының нәтижелерімен бөлісті. Атап айтқанда, ЕКПА депутаты Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың өңір елдерімен ғана емес, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдері үшін де бірегей екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы бүкіл саяси жүйенің жаңғыртылуы және «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» жаңа үлгісіне көшу туралы айтты.

Ж.Немет Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы қазіргі кезеңдегі өзара іс-қимылды оң бағалады.

Страсбургқа іссапар аясында Қазақстан делегациясы Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Б.Берге мырзамен жеке кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің өзара іс-қимылының қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады.

Б.Берге Еуропа Кеңесінің түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастығын жандандыруға қызығушылық танытты.

ЕКПА сессиясы аясында Е.Кочетов Қазақстан бойынша Ассамблея баяндамашысы Ж.Неметпен кездесуді өткізді. Ол 2-6 мамыр аралығындағы Қазақстанға іссапарынан алған әсерімен бөлісті. Кездесу барысында мажар депутаты «Парламенттік Ассамблея Қазақстанның демократиялық реформаларды жалғастыруын қолдауы тиіс» атты баяндама әзірленіп жатқанын хабарлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1026685?lang=kk