Қазақстан «Үндістанның Силикон алқабы» Бангалорда Халықаралық бизнес-форумға қатысты

Қазақстан «Үндістанның Силикон алқабы» Бангалорда Халықаралық бизнес-форумға қатысты

01.07.2025 08:00:40 132

Бангалор, 2025 жылғы 30 маусым –  Ү.ж. 27-28 маусым аралығында қаласында (Карнатака штаты) Үндістандағы қазақстандық дипломатиялық миссияның өкілдері штат үкіметінің қолдауымен «Global India Business Forum» халықаралық бизнес-палатасы (GIBF) ұйымдастырған «India – Asia & Europe Business Conclave» бизнес-форумына қатысты.

Іс-шараға Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерінің дипломатиялық қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ штаттың ірі компанияларының басшылары қатысты. Бизнес-форум аясында Бангалор кәсіпкерлеріне ұлттық жетістіктер сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.

Қазақстандық делегацияның сөз сөйлеуі барысында қатысушыларға «Born Bold» медиа-науқанының тұсаукесерін қоса алғанда, Қазақстанның туристік әлеуеті туралы бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ елдің инвестициялық ахуалы таныстырылды. IT секторына ерекше назар аударылды, өйткені бұл аймақ цифрлық шешімдер саласындағы жетістіктерімен танымал.

«Карнатака, атап айтқанда, Бангалор қаласы Қазақстан мен Үндістан арасындағы инновациялық, білім беру және технологиялық ынтымақтастық үшін маңызды бағыт болып табылады», - деді іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Елшілігінің қызметкері.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін дипломаттардың форумның құрметті қонағы Карнатака Губернаторы Тавар Чанд Гелотпен бейресми кездесуі өтті. Сонымен қатар, іс-шара аясында бизнес өкілдерімен бірқатар нәтижелі кездесулер орын алып, олардың барысында Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша GIBF-пен Карнатака штатының бизнес делегациясының Қазақстанға таяу келешекте сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама: Карнатака - Үндістандағы ең жылдам дамып келе жатқан штаттардың бірі, шамамен 67 миллион халқы бар. Штаттың астанасы, Бангалор, ақпараттық технологиялар саласындағы маңызды рөліне байланысты «Үндістанның Силикон алқабы»  деп аталады. Қалада көптеген ірі үнді және халықаралық IT-компаниялар орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1027218?lang=kk