Меморандумға қол қойылды
01.07.2025 17:32:45 220
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында, сондай-ақ мәжбүрлеп орындату өндірісінің тиімділігін арттыру және борышкерлердің мүлкін ұйымдастырушылық тұрғыда өткізу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2025 жылдың 1 шілдесінде Қостанай облысы Әділет департаменті мен «STELLA +» бағалау компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастық аясында тараптар сот актілерін мәжбүрлеп орындату шеңберінде борышкерлердің мүлкін тәуелсіз және объективті бағалауға бағытталған жүйелі өзара іс-қимылды жүзеге асыруға келісім жасасты.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1027743?lang=kk