«Қонай» шағын ауданындағы жер учаскелерін бөлу басталды
01.07.2025 18:04:05 198
Аппараттық кеңесте «Қонай» шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған жер учаскелерін беру механизмі қаралып, кезекте тұрған азаматтардың тізімін түгендеу жұмыстарының басталғаны жарияланды.
«Қонай» шағын ауданында инженерлік инфрақұрылымның болуына байланысты жер учаскелерін кезең-кезеңімен беру туралы шешім қабылданды. Соңғы бес жылда мұнда негізгі инженерлік коммуникациялар – газ, су және электрмен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру тартылып, кіреберіс жолдар мен ішкі кварталдық көшелер салынды.
Бекітілген жоспарлау жобасына сәйкес, «Қонай» тұрғын алабында 1967 жеке тұрғын үй салу көзделген. Оның ішінде 14 учаске су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға берілді. Тағы 161 учаске бюджет есебінен тұрғын үйлер салу үшін құрылыс бөліміне бекітілген. Қалған 1792 учаске кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінетін болады.
Аталған учаскелердің 124-і – бір немесе екі қабатты үйлермен салынған. Олар азаматтарға жеке қаражаты есебінен немесе несие алу механизмі арқылы сатып алуға ұсынылады. Қалған учаскелер бекітілген эскиздік жобалар бойынша азаматтардың өз күшімен құрылыс салуға арналады. Әр учаскенің ауданы – 8 сотық. Жер телімдері тұрғын үйдің құрылысын үш жыл ішінде аяқтағаннан кейін жеке меншікке рәсімдеу құқығымен жалға беріледі.
Айта кетейік, бүгін, 30 маусымнан бастап жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу кезегінде тұрған азаматтардың тізімін түгендеу жұмыстары басталды. Түгендеу 2025 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
Осыған байланысты, кезектегі реттік нөмірі 1-ден 3000-ге дейінгі азаматтарды өз деректерін нақтылау үшін қалалық сәулет бөліміне жүгінуге шақырамыз.
Кезектегі өз нөміріңізді алдын ала мына сайттан тексере аласыз: https://map.gov4c.kz/egkn/.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1027781?lang=kk